деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Конференция жұмысының қорытындысы бойынша жаңа ақпараттық коммуникациялық ортада қазіргі заман талабына сай сапалы оқулық әзірлеу жөнінде көптеген ұсыныстар болады деп ойлаймын. Бұл мәселеге байланысты Мемлекет басшысынан бастап әрбір отбасыға дейін мұқият көңіл бөлуде", дейді Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев.
Бұл шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі, "Оқулық" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы және Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті бірігіп ұйымдастырып отыр. Қазақстан, Қырғызстан, Беларус және Ресейден бес жүзден астам адам қатысады деп жоспарланған бұл конференция жұмысы үш күнге созылмақ. Ол "Қазіргі заман оқулығын дайындау мәселелері: нақты және қолданбалы бағыттар", "Электрондық оқулық, оқу әдебиеттері жүйесіндегі оның орны және оқыту құралдары", "Оқу кітаптарын шығару мәселелері: оқулықтарды баспалық құрастыру және полиграфиялық сапа", "Оқулықтар сараптамасы және әдістемелік жүйе ретінде олардың сапасын бағалау" деген 4 секция бойынша өтеді. Сондай-ақ "Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі оқулықтарының сапа мәселелері жөнінде дөңгелек үстел мәжілісі мен шетелдік және қазақстандық баспалардың кітап баспаларының көрмесі болады.