Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихаты барысында қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының баспананы сату бөлімінің жетекшісі Рабиға Сұңқарбаева айтты.
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ бойынша Алғабас ауылында салынып жатқан екі 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы биыл мамыр айында аяқталмақ. Берілетін пәтерлер саны - 108. Ал, жас отбасы бағыты бойынша берілетін пәтерлер саны - 387», - деп атап өтті ол.