Алматыда коронавирус жұқтырған 90 адам жансақтау бөлімінде жатыр
24 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1501 адам коронавирус жұқтырған.
Барлық емделіп шыққандар – 322, келіп түскені – 229.
«Инфекциялық стационарларда 1 417 адам бар. (Төсек-орын 3310 ). Оның ішінде 145 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 90 адам жатыр.
Ал 16 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 39 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 4 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 11 191 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 10 576 науқас.
Симптомсыз 615 науқас бар.