Жол апаты Күдерин көшесінде болған. Оңға бағыт алған Тойота жүргізушісі рөлді басқара алмай, үйдің қоршауы мен электр бағанын қиратып тоқтаған.
Соққының кесірінен электр желілері жолды түгел жауып қалды.
Жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан.
Полиция көлік иесін анықтап жатыр.
Оқиға болған аумақтағы электр энергиясын өшіру үшін арнайы қызмет шақырылды.