түнгі сағат екі жарым шамасында ҚР Қорғаныс министрлігінің бұрынғы Әскери клиникалық госпиталінің аумағында жұмыс істемей тұрған қойма ғимараты өртенді.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрт сағат 04.03-те сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 32 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 100 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.