Жалпы салмағы 52 тонна болатын контрафактілік өнімнің құны 65 млн теңгеден асып кеткен.
Қытайдан 2692 жейде, 816 джинсы шалбар, 4832 куртка, 480 қалың куртка Қазақстандағы екі кәсіпорынға жеткізілуі тиіс болған.
Айта кету керек, Қазақстанда бір ЖШС осындай контрафактілік өнімді тасымалдағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған еді.
Қазір аталған дерекке қатысты тергеу жұмыстары басталды.