Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның деректеріне қарағанда, аталмыш оқиға бойынша кешенді түрде жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында жергілікті 22 жасар азамат ұсталып, одан қылмыс жасалған қару - «Макаров» тапаншасы табылды. Ұсталған азаматқа сондай-ақ Алматы қаласында өткен жылы жасалған тағы бірнеше көлік ұрлау әрекеттеріне қатысты деген күдік келтіріліп отыр. «Осы уақытта оның сыбайластарын анықтау жұмыстары жүргізілуде», деді департамент бастығы.