Оқыс оқиға №188 автобус маршрутында болған. Қоғамдық көлік Төле би-Назарбаев көшелерінің қиылысына келгенде салон ішінде ер адам оқушы қыздың телефонын алып қойған. Артынан қуып жете алмаған қыздар қылмыскер кетіп бара жатқанда суретке түсіріп үлгерген.
«Бұл дерек бойынша арыз қабылданды. Қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Әлеуметтік желідегі сурет іс материалдарына қосылып, толық тексерілетін болады. Қылмыс Алмалы мен Медеу аудандарының қиылысында болғандықтан, бұл істі ашуға екі ауданның да полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Қазір күдіктілер іздестіріліп жатыр. Әзірге табыла қойған жоқ», - деді Салтанат Әзірбек.
Фото: www.instagram.com/kris_p_kz