Оған отандық және шетелдік сарапшылар, іскерлік ортаның, зерттеу орталықтары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда.
Форум барысында экономикалық еркіндіктің дамуына үлес қосқан қазақстандық қайраткерлерді Экономикалық еркіндік сыйлығымен марапаттау рәсімі өтеді. Сондай-ақ Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты кітапханасында Людвиг фон Мизес атындағы мемориалдық бұрыш ашылмақ.
Сондай-ақ форум аясында Маргарет Тэтчерді еске алуға арналған кеш өтетін болады. Оны Жас кәсіпкерлер клубының қолдауымен Даму және экономикалық саясат институты ұйымдастырады.