«Биыл қаладағы барлық мектептер жаңа оқу жылына 100 пайызға дайын. Осы бағытта жергілікті бюджеттен 570 млн. теңге жұмсалды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Алматының Алатау ауданындағы №26 мектеп жанынан салынып жатқан 900 орындық қосалқы нысан және Әуезов ауданының Қалқаман ықшам ауданындағы №157 мектеп жанындағы қосалқы нысан 2016 жылы пайдалануға беріледі», - деді Р.Шимашева.
Оның айтуынша, селден зардап шеккен Наурызбай ауданындағы №187, №188, №192 мектептерде құрылыс жұмыстары аяқталды. Мектептерді қалпына келтіруге жергілікті бюджеттен 99 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Қазір мектеп аймағын көріктендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.