Алматыда мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау басқармасының басшысы қызметінен кетті
15:35, 17 Қараша 2015
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау басқармасының басшысы Бақытжан Мұхтаров қызметінен кетті. Бұл ақпаратты басқарманың қабылдау бөлімі растады.
«Мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау басқармасының басшысы Бақытжан Мұхтаров кешеден бері жұмыс жасамайды. Өз еркімен жұмыстан кетті», - деді қабылдау бөлімінен.
Енді оның міндетін орынбасары Жақсымбетов Қайыржан атқаратын болды.