Оны «Бауыржан» қайырымдылық қоры мен «Алаш айнасы» республикалық газеті бірлесіп ұйымдастырып отыр. Іс-шара қазақ тіліндегі жарнама мәдениетін дамыту бойынша «Намысың болса - жарнамаңды түзе!» акциясы аясында өтеді. Мақсат - жарнама мәтіндерін және көрнекі ақпараттардың мазмұнын Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсанда қабылданған №508 «Жарнама туралы» Заңының талаптарына сәйкестендіру, мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін нығайту және оған бақылауды күшейту.
Қалалық тілдерді дамыту басқармасы ай сайынғы тексеру жұмысы кезінде шаһарда 500-ге жуық заң бұзушылықты анықтады. Жарнама өндіруші ұйымдардың көбеюіне қарамастан, грамматикалық және орфографиялық қателіктер азаяр емес. 2013 жылдың 25 сәуірінде өз күшіне енген «Қазақстан Республикасының ономастика мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қарамастан, күніне 20-ға жуық заң бұзушылық анықталып жатады. Ол орталық арналарда көрсетіліп жататын роликтерде, қала көшелерінде ілінген билбордтарда, плакаттарда, дүкен сөрелеріндегі баға көрсеткіштерінде кездеседі.