деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бағдарламаны жасаушылардың айтуынша, қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі жоғары оқу орындары түлектерін жұмысқа орналастыру. Еуразиялық банк осы мәселені шешу үшін студенттер арасында арнайы конкурс ұйымдастыруды ұсынған. Бұл бойынша ең үздік студенттер таңдалып, банкте оқытылып, жұмыс істеуге жіберілмек. Бағдарламаны жасаушылардың айтуынша, бұл бағдарлама банк саласындағы болашақ бизнес-көшбасшыларды, мықты менеджерлерді дайындауда өзіндік мектеп болып қалыптасуды көздейді.