Оның айтуынша, жеңіл көлік жол апаты салдарынан өртенген. Өрт ауданы 0,9 шаршы метрді құрады. Қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, жол оқиғасы таңертеңгі 07:11-де болған. Солтүстік айналма жолмен бағытталған мотоцикл жеңіл көлікпен соқтығысқан. Соғылған сәтте мотоцикл өртене бастаған. Апат салдарынан мотоцикл жүргізушісі жеңіл жарақат алды. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 07:36-да ауыздықтады. Басқа жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.
08:51, 07 Тамыз 2015
Алматыда мотоцикл өртенді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жетісу ауданында «Құлагер» базары маңайында мотоцикл өртенді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ТЖД бспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамедова хабарлады.