Бұл лицензиялық турнир болғандықтан оған қатысып, үздік нәтиже көрсеткендерге алдағы 8-9 сәуір аралығында Астанада би өнерінен өтетін халықаралық «KAZAKHSTAN OPEN 2016» турниріне жолдама беріледі.
Алматыда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған біріншілікке еліміздің 8 облысы мен қаласынан 54 биші қатысуда. Онда Қазақстан мен Ресейдің білікті төрешілері төрелік етеді.
Бағдарламада заманауи және эстрадалық билер көрсету жоспарланған.
«Мен қатысушылардың барлығына ризашылығымды білдіремін. Рахмет Сіздерге! Әрине, келу оңай болған жоқ. Бұл турнирде қандай да бір орын алу маңызды емес. Маңыздысы - өзіңді жеңу. Сіздер онсыз да жеңімпазсыздар! Бұл жарыс - тең құқық пен тең мүмкіндіктердің айқын көрінісі», - деді өз сөзінде Қазақстан мүгедектері ұйымдары одағының төрағасы Әли Аманбаев.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бишілер үшін мұндай жарысқа қатысу ерекше уақиға. Бұл, спорттық би өнерінің дамуына септігін тигізеді.
Чемпионатта 3 категория бойынша 11 аталым қарастырылған. Ал ертең - 13 наурызда жеңімпаздар анықталады.
Айта кетелік, турнирдің ұйымдастырушылары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық Паралимпиада комитеті, ҚР «Замауни және Спорттық биі федерациясы» Республикалық қоғамды бірлестігі және Алматы қаласының әкімдігі.