Алматыда музыкалық мектепте өрт шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дарынды балаларға арналған Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық мектеп-интернатында өрт шықты.

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова айтты.

Оның айтуынша, ғимараттың шеберлік сыныбы өртке оранған. Тілсіз жау 12 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Өрт туралы хабарлама 10:58-де түскен. Өрт сөндірушілердің жедел әрі сапалы жұмысының арқасында өрт 11:16-да сөндірілді. Барлығы 13 техника мен 44 адам жұмылдырылды», - деді ол.

Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.