Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, жер шары тұрғындарының 80 пайызы үйлерінде мысық ұстайды және осы жануарға деген сұраныс жоғары. Бүкіләлемдік мысықтар күні жыл сайын 1 наурыз күні атап өтіледі. Алматы хайуанаттар бағы 1937 жылы құрылған. Бүгінде оның топтамасында осы үй жануарының 13 түрі бар. Олардың арасында үй мысықтарының арғы тегі болып саналатын дала мысығынан бастап, жолбарыстар, арыстандар мен мысықтұқымдастарға жататын басқа жануарлар бар.
14:00, 24 Ақпан 2014
Алматыда наурыз мысықтар айы деп жарияланды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда алда келе жатқан наурыз мысықтар айы деп жарияланды. Бұл бастаманы қалалық хайуанаттар бағы көтерді, деп хабарлады соның баспасөз қызметінен.