Құқық қорғау органдарының өкілдерінің айтуынша, қайтыс болған ер адамның денесінен зорлықпен өлтіру белгілері табылмады. Сондай-ақ оның жеке басын растайтын құжаттары да жоқ болып шықты. Қазір өлімнің неден болғанын анықтау үшін мүрде медициналық тексеруге жіберілді.
11:10, 05 Тамыз 2015
Алматыда Наурызбай ауданында белгісіз ер адамның мүрдесі табылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Наурызбай ауданында ер адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Жергілікті тұрғындар қараусыз қалған ғимараттардың бірінен белгісіз ер адамның мүрдесін тауып, полицияға хабарласқан.