деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлттық олимпиада комитеті, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Алматы әкімдігі мен Жеңіл атлетика федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан спорттық шараға мектеп оқушылары мен студенттер, қала тұрғындары мен барша әуесқой жүгірушілер қатысты. Шара бағдарламасы бойынша жасөспірімдер, бозбалалар мен бойжеткендер арасында 400, 500, 600 және 1000 метрлік жекелеген жарыстар, президенттік ұзақтық - 2400 қашықтыққа жүгіруден, сонымен қатар, 1000 метрге жүгіруден «Әкем, анам және мен» атты отбасылық жарыстар, сондай-ақ 100 метрге жүгіруден мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жарыстар өтті.
Барлық қатысушыларға Ұлттық олимпиада комитетінің сертификаттары мен естелік сыйлықтар табысталды.
Аталмыш шараның ашылу салтанатында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов барлық қатысушыларға «қош келдіңіздер!» дей отыра, барлығын спортпен және дене шынықтырумен шұғылдануға шақырды. Оның айтуынша, Олимпиада күнін өткізу дәстүрінің ұзақ жылдық тарихы бар. «Мұндай спорттық шаралар әлемнің түкпір-түкпірінде атап өтілуде, оған жас шамалары мен көзқарастары әр түрлі миллиондаған адамдар қатысуда. Менің ойымша, бұл қазіргі заманғы Олимпизмнің қайта өрлеуі мен спорт және салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік беретін спорттық мереке», деді С. Сейдуманов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, өткен жылғы шараға 10 мың адам қатысқан.