Турнирге Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарынан, Алматы қаласы мен облысынан командалар қатысуда. Ал Қазақ ұлттық аграрлық университеті атынан қатысатын қос команданың бірі «КазНАУ-1» тобын Олжас Сүлейменовтің өзі бастап шықты. Турнир мамырдың 16-ына дейін жалғасады.
17:00, 15 Мамыр 2010
Алматыда Олжас Сүлейменовтың жүлдесі үшін волейболдан IV республикалық турнир басталды
АЛМАТЫ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменовтың жүлдесі үшін волейболдан республикалық турнир басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.