«Қоғамдық көлікте жүруге арналған «ОҢАЙ» терминалындағы ақпарат енді қазақ тілінде де шығатын болды. Бұған дейін ақпарат тек орыс тілінде шығатын», - деді баспасөз қызметінен.
Айта кету керек, жаңа электронды билеттендіру жүйесі қаланың барлық қоғамдық көліктерінде 1 қазаннан енгізілген болатын. Жолаушылар «ОҢАЙ» арнайы картасы арқылы ақы төлейтін болады. Айналымдағы ақшаны жоюға бағытталған жаңа жүйе 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап толық күшіне енеді.