Алматыда өнеркәсіптің барлық саласында ілгерілеушіліктер байқалуда - қала әкімі

Ы. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда өнеркәсіп 26 пайызға өсті. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін алғашқы жартыжылдықтың қортындысына арналған алқалы жиында айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қала экономикасының қалпына келуінде орнықтылық байқалуда. Алғашқы жартыжылдықтың негізгі көрсеткішіне қарағанда өнеркәсіптің барлық саласында ілгерілеушілік бар. Өсім айтарлықтай, ол 26 пайызды құрап отыр. Инфляция болжанған деңгейден асқан жоқ", дейді Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов. Оның айтуынша, қазір оңтүстік астанада еңбекке қабілетті адамдар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 0,8 пайызды құрап отыр. Шілдеде құрлыс жұмыстарының негізігі капиталындағы инвестиция көлемі артты. Жалпы экономиканың бұл саласы аймақтық ішкі өнімнің 10 пайызын құрайды.