Рашида Ерімқызы 1975 жылы Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келген.
Білімі - жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (Биология пәні оқытушысы - 2001), «Нархоз» университеті (Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры - 2016); Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін (Педагогикалық ғылымдар магистрі - 2020) тәмамдаған.
1993-1994 жж. «Жасталап» оқу өндірістік - комбинатында іс жүргізуші; оқу өндірістік - оқыту мастері;
1994-1999 жж. биология пәнінің мұғалімі;
1999-2001 жж. кәсіптік бағдар беру жөніндегі - методист;
2001-2003 жж. директордың оқу өндірістік істері жөніндегі орынбасары;
2003-2009 жж. Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің «Өлке табиғатын ғылыми- зерттеу» бөлімінің бөлім меңгерушісі;
2009-2010 жж. музей басшысының ғылыми істер жөніндегі орынбасары;
2010-2014 жж. осы музейдің басшысының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары;
2014 жылдың 17 маусымынан 2022 жылдың 14 наурызына дейін Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы болды.