Алматыда өтетін VI Инновациялық форумдағы спикерлерінің бірі робот болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 маусымда Алматыдағы Атакент -Экспо көрме орталығында VI Инновациялық форум өтеді, деп хабарлайды www.innovationforum.kz .

Форумның негізгі тақырыптары: Индустрия 4.0 тұжырымдамасы, сандық экономика, инновациялық экожүйелерді құру және «Алматы - өмір сүру және бизнеске қолайлы қала» атты өткен жылы бекітілген қаланы  дамыту стратегиялық тақырыбы аясында  Smart City технологияларын енгізу болмақ. Алқалы жиын барысында қаланың өзекті мәселелерін шешу үшін инновациалық технологиялардың қолданысын жетекші халықаралық сарапшылармен бірге талқылау жоспарлануда.

Форум отандық және шетелдік жобалар мен келешекке арналған инновациондық идеялардың көрсетілімі  өтетін старт-ап жобалар көрмесімен ашылады.

Аталмыш іс-шара барысында мәлімделген тақырыптар бойынша тұсаукесерлер мен талқылаулар өтеді, кластерлер мен технопарктерді жетілдіру мен жандандыру бойынша кейстер, сандық телекоммуникациялармен ақылды қала арқылы жүзеге асатын экономикадағы жаңа стратегиялар мен табысты тәжірибелер қарастырылады.

Айта кетер жайт, Форум спикерлерінің бірі робот болмақ. Ұйымдастырушылар ерекше оратордың қай тақырыпта сөз сөйлейтінін құпия сақтауда. 

Әдеттегідей, Форум жұмысын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ашады; сондай-ақ  мәлімделген спикерлер тізімінде ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы , «Қазпошта» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Бағдат Мусин; «Global Visions-Silicon Valley» компаниясының негізін қалаушы және  бас атқарушы директоры Марк Ивановски,  «CIO ORACLE» бұрынғы аға вице-президенті Марк Ивановски; және «Future Laboratory» басқарма төрағасы, Грузияның Инновация мен технологиялар бойынша агенттігінің бұрынғы төрағасы  Ираклий Кашибадзе.

Бұған қоса, Форумға Англия, Израиль, АҚШ, Даниядан келетін халықаралық сарапшылар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының басшылары, бизнес-қоғамдастықтың өкілеттері, ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдар, стартапшылар қатысады.