деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Премиум сыныпты, бес жұлдызды қонақүй әрі тұрғын үй, әкімшілік орталық болып саналатын кешен 2,05 гектар аумаққа орналасқан.Бұған жалпы көлемі 150 000 000 АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған.12 қабатты кешенде 9 мың шаршы метрлік бизнес орталық, үлкен сауда орталығы, 262 люкс, 2 президенттік нөмірлі қонақүй, 1 мың адамдық мәжіліс залы, мейрамханалар мен сауда алаңдары, фитнес орталығы мен көңіл көтеретін орындар қарастырылған.Кешеннің ашылу салтанатына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысып, бұндай көпсалалы кешеннің Қысқы Азия ойындары қарсаңында өте қажет екендігін атап өтті.
«Алматы тек қана мәдени-қаржы орталығы ғана емес, сонымен қатар туризм орталығы да болып саналады.Сондықтан бес жұлдызды қонақүйдің ашылуы үлкен оқиға болып табылады», деді А.Есімов.Бүгінгі таңда Алматыда 8 мың орындық 89 қонақүй бар.