Бостандық аудандық ІІБ қызметкерлері анықтағандай, жанжал ғимараттың екінші қабатындағы дәмхананың күзетшілері мен олардың таныстары арасында шыққан. Өзара ымыраға келген соң тараптар полицияға хабарламаған. Қазір аталған дерек ҚР ҚК 293 бабының 2 тармағы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркелді. Бостандық ауданы ІІБ барлық қатысушыларды ұстады. Олар уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Жақын арада оларды тергеу амалдарына дейін бұлтартпау шарасы қабылданады.