Бұл заңбұзушылықты ҚР ҰЭМ табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаменті байқаған.
Атап айтқанда, «Газпромнефть Казахстан», «Royal Petrol», «Араванна», «Ағатай» ЖШС жанармай бағасын негізсіз көтерген.
«Бұл стансаларда АИ-92 маркалі бензин қаладағы орташа бағадан 17 теңгеге артық сатылған. Станса және ЖШС басшыларына 140 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді ТМРБҚ комитеті департаментінің басшысы Динара Мұқаева.
15:17, 29 Наурыз 2016
Алматыда себепсіз қымбаттатқан 15 жанар-жағармай стансасына айыппұл салынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 15 жанар-жағармай стансасына айыппұл салынды. Аталған нысандарда жанармай құнын негізсіз көтеру дерегі анықталған.