Спорт журналистері орталығының директоры Андрей Неклюдовтың хабарлауынша, Әлем біріншілігі 4 қыркүйек күні таңғы сағат 09:00-да басталады. Алғашқы ойында Черногория мен Мысыр командалары кездеседі. Ал сол күні кешкі сағат 18:20-да көрермендер чемпионаттың ашылу салтанатын тамашалайды. Ол аяқталысымен Қазақстан мен Испания командалары арасындағы матч басталады.
Айта кетелік, су добынан юниорлар арасындағы Әлем біріншілігі Халықаралық жүзу федерациясының қамқорлығымен 1981 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Чемпионаттар арасындағы уақыт межесі 2 жыл.