«1 қаңтардағы есеп бойынша табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызмет түрлерінің саны - 28. Оның 7-еуі су шаруашылығы жүйесінде, 2-еуі құбыр жүйесінде, 6-ауы жылу энергетикасында, 2-еуі газ тасымалдауда, 11-і кіріс жолдары салаларында. Департамент жүргізіп отырған тарифтік саясаттың негізгі бағыттары: тарифтік инфляцияға шекті салымдардың арқасында реттелетін қызметтерге тарифтерді бекіту, энергияны және ресурсты сақтау», - дейді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің директоры Дәурен Жандарбек.
Оның айтуынша, былтыр тарифтік монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау нәтижесінде шығындарды азайтқандағы пайда болған үнемдеу 891 миллион теңгені құрады. Сондай-ақ 2009 жылдың тарифтік сметаларының орындалуын зерттеп, уақытша өтемдік тарифті енгізу нәтижесінде тұтыныушыларға 2 миллиондай теңге қайтарылды.
14:10, 25 Қаңтар 2011
Алматыда табиғи монополия субъектілерінің өтінімдерін қарау нәтижесінде шығындарды азайтудан 891 миллион теңге үнемделді
АЛМАТЫ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда мемлекеттік тізілімде тіркелген 26 табиғи монополия субъектісі бар. Бұл туралы бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2010 жылғы қорытындысына арналған жиында айтылды.