Алматыда терроризмге қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласы аумағында терроризмге қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.

«Осыған байланысты, тұрғындардың өз баспанасынан алыс кетпеуін, қоғамдық орындардан аулақ болуын сұраймыз. Барлық күдікті тұлғалар жайлы дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар және тәртіп сақшылары мен арнайы орган жұмысына түсіністікпен қараңыздар.

Жедел жағдай өзгерістері туралы халық толық ақпарат алатын болады», - деп жазылған ІІД хабарламасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматының бірнеше аудандарында тәртіп сақшылары мен белгісіз адамдар арасында атыс болғаны туралы жарияланған болатын.