Жол оқиғасы Қызыл ту ауылында болған.
КрАЗ ауыр жүк көлігі Құлжа тас жолындағы жаңа айналма жолмен шығысқа бағыт алып келе жатқан. Орталық көшеге шығар тұста жүк көлігінің тежегіші істен шығып жолдағы №418 бағдардың автобусын қағып кетті.
Жол апатынан автобустың 5 жолаушысы жапа шеккен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем оларды ауруханаға алып кетті.