Шараны өткізудегі негізгі мақсат - қазіргі лингвистика ғылымының тілін меңгеру, оқыту әдістемесі, аударма және мәдениаралық қарым-қатынастың инновациялық тәжирибесін пайдалану, ғылыми ізденістерді халықаралық деңгейде жүзеге асыру.
Семинарды М.В. Ломоносов атындағы МҰУ-дың шет тілдер және аймақтану факультетінің деканы, профессор С.Г. Тер-Минасова өткізеді. Семинар ағылшын және орыс тілдерінде өтеді.
Семинар соңында Ломоносов атындағы Мәскеу ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің сертификаты беріледі.