АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Қазгидромет» өкілдері Алматыда 15-18 тамыз аралығында жаңбыр жауатынын, ал кей жерлерде нөсер болатынын ескерткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін түнімен жауған жаңбыр көлік жүргізушілерінбіраз әбігерге салды. Алматыдағы кейбір көпір астындағы жолдар жаңбыр суынатолып қалды. Соның салдарынанкептелістер болып алып,көліктер су ішінде өшіпқалған, олар оталмай жатыр.
Қазір жауын тоқтады. Алайда, синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері тағы дажаңбыр жауады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.