Алматыда тұрғын үйлерге азаматтарды тіркеу тәртібін өзгерту қажет - А.Есімов

АЛМАТЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматы әкімі Ахметжан Есімов ІІД-нің 2009 жылдың қорытынды жиынында құзырлы органдарға тұрғындарды тіркеу жүйесін реттеуді тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ІІД-нің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта қаланың кейбір аудандарында бір мекен-жайға 40 адам тіркелген фактілері кездескен. Бұны естіген қала әкімі құзырлы органдарға азаматтарды тұрғын үйлерге белгілі бір мөлшерде тіркеудің заңдылық жақтарын қарастыруды тапсырды.

«Бізге әлемдік тәжірибеде не болып жатқаны керек емес, бізге Алматы мен оның тұрғындарына қолайлы жағдай керек. 1 бөлмеге 10-20 адамды тіркеуді тоқтататын санитарлық нормаларды енгізгенде ғана тәртіп орнайды», деді қала әкімі.