Алматы қалалық ІІД хабарлауынша, оқу-жаттығуды өткізудегі басты мақсат - лаңкестік жағынан осал келетін нысандарда лаңкестік қауіп-қатер туындағанда қолға алынатын өзара әрекеттестік дағдыларын шыңдау болып табылады.
Оқу-жаттығуға жеке құрамның елеулі күші мен арнайы техника жұмылдырылған.
Сонымен қатар, Алматы қалалық ІІД қала тұрғындарын бұл шараға түсіністікпен қарауға және үрейленбеуге шақырады.