деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда орнының ашылуына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысып, аудан тұрғындарын қала күнімен және жаңа сауда орнының ашылумен шын жүректен құттықтады.
«Арзан» опомаркетінің Түрксіб ауданында ашылуының үлкен әлеуметтік мәні бар. Мұндағы тауар бағалары сауда орнының аты айтып тұрғандай, супермаркеттерден екі есе төмен, ал сапа жағынан олардан қалыспайды», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Бірінші Алматыда орналасқан «Арзан» опомаркеті жаңа форматпен жұмыс істейтін өндіріс орны болып табылады. Оның жалпы алаңы 7 000 шаршы метр, мұнда елу мың өнім түрі сатылатын болады. Олардың бағасы нарықтағыдан 25 пайызға төмен болмақ. Тауарлар сауда орнына еш делдалсыз жеткізіледі.
Негізгі қызмет түрі бөлшек және көтерме сауда болып табылатын сауда орнында 296 жұмыс орны бар. Кешенде тұтынушыларға ыңғайлы 650 автокөлік тұратын тұрақ орны да қолайлы жасалған.
Опомаркеттің құрылысы мүлдем жаңа технологиямен жасалған. Америкалық ауатірек технологиясы осы сауда орнын салу барысында Қазақстанда тұңғыш рет қолданылып отыр.
Алматыда екі «Арзан» опомаркеттер бар. Оның біріншісі - 2008 жылы 6 шілдеде Алатау ауданында, екіншісі - биыл 1 қарашада Бостандық ауданында ашылған болатын.
«Мұндай сауда орындарын ашудағы басты мақсат - ҚР Президентінің бағаны тұрақтандыру, инфляцияны ауыздықтау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру», болып табылады дейді сауда орнының басшылары.