Алғыс хат пен 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапаттады. Бұл оларға қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмыскерлікке қарсы күрес жолында кәсіби шеберлігі мен тәжірибесін жұмсап, өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарғаны үшін берілді. Үздіктер қатарында есімі аталғандардың ішінде Айдос Жәңгіров, Ерлан Әубәкіров, Мұрат Жақсымбеков, Данияр Берікбае, Азамат Пернебаев және тағы басқалар бар.
«Қазіргі таңда учаскелік инспекторлардың рөлін артыруда көп жұмыстар жасалуда. Тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, жалақысы көбейтіліп, материалдық-техникалық жағынан жарақтандырылды. Мемлекет сапалы және кәсіби жұмыс күтеді. Қалада 408 инспектор бар. Оның 107-сі (26 пайыз) көп жылдан бері, 88 (22 пайыз) 1-3 жыл аралығында істеп жүргендер», - деді А.Есімов.