Естеріңізге сала кетсек, патриоттық акцияның бірінші кезеңі 17 қарашада өтті. Бұл күні альпинистердің Батыр-панфиловшылар шыңына (4125 м) шығу шарасы ұйымдастырылды. Шыңға Жеңіс Туының көшірмесі қойылды.
Салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының, ауған соғысының ардагерлері, Ресей Федерациясының бас консулдығы мен «Нұр Отан» ХДП-ның және қала әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен әскери-патриоттық клубтардың курсанттары қатысты.
Акцияға қатысушылар 28-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалы мәңгілік алауына, сонымен қатар, генерал И.В. Панфилов пен Б. Момышұлы ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Шара барысында әскери қалпына келтіру бастамашыларымен дайындалған тарихи экспозиция ұйымдастырылады.