Алматыда жер қатынастарын мемлекеттік үйлестіруді жетілдіруге арналған кеңейтілген кеңес жиыны өтеді

АЛМАТЫ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда 21 желтоқсан күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жер қатынастарын мемлекеттік үйлестіруді жетілдіруге арналған кеңейтілген кеңес жиыны болады.

Жиынға Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев төрағалық жасамақ. Бұл кеңесте негізінен Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағы бойынша жер қатынастары мәселелері қарастырылады деп жоспарлануда. Бұл шараға ҚР Өңірлік даму министрлігінің өкілдерімен қатар, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдігі, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқытушы-профессорлық құрамы, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мүшелері, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтардың ғалымдары шақырылып отыр.