Оның айтуынша, бұл қонақ үй кешендерінде бұрын да бірнеше рет жезөкшелер ордасы әшкереленген. Полиция қызметкерлері аталған мекемелердің әкімшілері мен басшыларына ескертулер жасаған.
«Нақтырақ айтқанда, олардың әрекеті ҚР ӘҚК 341-1 бабында көрсетілген заңбұзушылыққа жатады (жезөкшелікпен айналысуға бөлме беру) Соттың шешіміне сәйкес, қонақ үйлердің жұмысы 6 айдан 1 жылға дейін тоқтатылды. Алайда, оған қарамастан қонақ үйде ақылы түрде жыныстық қызмет көрсету астыртын жүзеге асып отырған. Олардың бірінің маңдайшасында «Асхана» деген жазу ілінген», - деді С.Әзірбек.
Оның айтуынша, қазір профилактикалық шара ретінде қаладағы барлық көңіл көтеру мекемелерінде, қонақ үйлерде, Сейфуллин көшесіне жақын орналасқан үйлерде рейдтер жүргізілуде.
Биыл жыл басынан бері Алматыда ҚР ӘҚК 341-1 бабы бойынша (жезөкшелікпен айналысуға бөлме беру) 83 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 19 млн. теңге айыппұл төленді.