«Егер бірінші күні іздеу шарасына 50 полиция қызметкері жұмылдырылған болса, қазір жеті аудандық ішкі істер басқармасынан 10 адам және Медеу аудандық ішкі істер басқармасының 40 қызметкері келіп қосылды. Барлығы 110 полиция қызметкері мен 60 ерікті іздеу шараларын жүргізіп жатыр», - деді С. Әзірбек.
Естеріңізге сала кетелік, 1991 жылы туған Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны жайлы арыз 16 шілде күні кешке 22:00-де келіп түсті.