Алматыда жоғары оқу орындарының спартакиадалары өтеді

ЛМАТЫ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда сәуірдің 11-і күні ҚазҰҰ спорт кешені, ЦСКА спорт клубы мен Спартак стадионында жоғары оқу орындарының спартакиадалары өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спартак стадионындағы «Салауатты университет» спартакиадасы Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің «Көктем шақырады» деп аталатын Наурыз думанының аясында өтеді.ЦСКА спорт клубындағы спартакиада Қазақтың ұлттық аграрлық университітінің 80 жылдығына арналып отыр. Оған түрлі деңгейдегі 8 оқу орны өз командаларын қоспақ. Олар 100, 800 метрге жүгіру, 100 метрлік эстафета мен шағын футболдан өзара сайысқа түсетін болады. Ал Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің факультетаралық спартакиадасы Жеңістің65жылдығы мен ҚазҰУ Спорт клубының 60 жылдық мерейтойына және 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын қолдауға арналған. Онда студенттер ұзындыққа секіру, армрестлинг, эстафета және арқан тарту бойынша өз күштерін сынайды. Үздік шыққандар ҚазҰУ Спорт клубының бағалы сыйлықтарымен марапатталады деп жоспарлануда.