Алматыда жол-құрылыс жұмыстарына байланысты бірқатар көшемен қозғалыс шектеледі

АЛМАТЫ. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда әл-Фараби даңғылы бойындағы Үлкен Алматы өзені арқылы өтетін көпірде құрылыс жұмыстарының басталуына байланысты,

ағымдағы жылдың 5 мамырынан бастап көлік  қозғалысы аталмыш көпірдің солтүстік бетінде жаңадан салынған айналма жол арқылы жүзеге асырылады.

Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.

Әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшелері қиылысындағы жол айырығында негізгі құрылыс-монтаждық жұмыстардың басталуына байланысты, Саин мен Мұстафин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы ертеңнен бастап Саин көшесі бойындағы айналма жолдар арқылы жүзеге асырылатын болады.