Аталған компания қала басшысы Ахметжан Есімовтың тапсырмасымен қоғамдық көлікте көрсетілетін қызмет жүйесін жақсарту жұмыстарын жүргізген.
Жаңа бағдарлама қазанда басталып, жыл соңына дейін кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Құны 320 теңге болатын төлем карталары 4 түрлі болмақ. Бірыңғай карталардан бөлек оқушыларға, студенттерге, зейнеткерлерге арналған карталар жасалады.
Серік Жұмабаевтың айтуынша, электронды билеттендіру жүйесі жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартып, қаржының жылыстауын тосқауыл болмақ.