Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, өрт аталмыш мекеменің Түрксіб ауданы, Сүйінбай көшесінде орналасқан қоймаларында қазанның 2-сі күні сағат 04.44-те шыққан.
Тілсіз жау екі сағаттан кейін тоқтатылып, алты сағаттан кейін толық ауыздықталды. Оны жоюға Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 39 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.
Жалын қоймалардың 1500 шаршы метр аумағын жойды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.