«Биылғы өткізіліп отырған дәстүрлі көрмеде әсіресе, жасыл технология мен энергия тиімділікке ерекше басымдық беріліп отыр. Көптеген компания осындай технологиялар мен жабдықтарды ұсынуда. Айта кеткен жөн, биыл көрмеге тұңғыш рет Таиланд елінің компаниялары қатысып жатыр , - деді өз сөзінде «Iteca» компаниясының PR-директоры Лариса Литвиненко. Бүгінгі көрмеге жылыту, сумен қамтамасыз ету, сантитарлық техника, ауаны тазарту, хауыз, сауна және СПА жүйелеріне арналған тұрмыстық және өнеркісіп жабдықтары қойылды. Сонымен қатар, көрме аясында тұңғыш рет «Тәжірибелік аймақ» жобасы ұсынылды. Онда қатысушылар нон-стоп режімінде инновациялық технологиялардың қалай жұмыс істейтіндігін келушілерге шынайы түрде көрсетеді. Көремін ұйымдастыруға ҚР Инвестиция және даму және Ұлттық экономика министрліктерімен қатар, Алматы әкімдігі қолдау көрсетті. Көрме жұмысы 5-ші қыркүйекке дейін жалғасады.
17:39, 02 Қыркүйек 2015
Алматыдағы «Aqua-Therm Almaty 2015» көрмесіне «жасыл технология» мен энергиялық тиімділігі жоғары жабдықтар шығарылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда «Атакент» Іскерлік Орталығында 8-ші Халықаралық тұрмыстық және өнеркәсіп жабдықтарының көрмесі ашылды. Оған әлемнің 21 елінен 158 компания қатысуда.