Алматыдағы Әуезов ауданына қарасты мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақ ойынынан сайыс өтуде

АЛМАТЫ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Әуезов ауданының әкімдігімен және № 176 мектеп гимназиясымен бірлесіп «Азиада - 2011» VII-Қысқы Азия ойындарын насихаттау аясында Әуезов ауданына қарасты жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Азиадаға 1 жыл қалды!» атты ұраннмен тоғызқұмалақ сайысын өткізіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайыс 2011 жылы елімізде өткізілетін Қысқы Азия ойындарын жастар мен жасөспірімдерге кеңінен насихаттауға, Отанды сүюге, құрметтеуге үйрету және патриоттық сезімін оятып, балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен тұрақты шұғылдануға тарту мақсатында өткізілуде.