Көрмеге №8-ші, 2-ші, 1-ші және "Жанұя" мен "Ковчег" Балалар үйінде тәрбиеленуші балалардың "Арман үйі", "Тәуелсіздікке 20 жыл", "Жаңа жыл" тақырыбында салған 100-ден аса туындылары мен қолдан жасалған дүниелері қойылған. Көрме жұмысы желтоқсанның 14-не дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік жоба қарашаның 7-сі күні бастау алған болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба 14 желтоқсан күні Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін қайырымдылық концертпен аяқталады.
Шараны ұйымдастырушылар - "Нұр Отан" ХДП, қала әкімдігі мен Алматы қаласының Білім басқармасы және Оқушылар сарайы.