Оның айтуынша, түтін «Dostyk Plaza» сауда орталығының үшінші қабатынан шыққан. Мұнда желдеткіш камераның алтыншы блогындағы электр моторының желдетуші қайысы істен шығуы, мотордың шектен тыс қызып, түтінденуіне әкеп соққан.
«Dostyk Plaza» сауда орталығынан түтін шығып жатқандығы туралы алғашқы хабар осы орталықтың күзет қызметінен бізге бүгін 13 сағат 48 минутта келіп түсті. Артынша 18 техника мен жеке құрамның 60 адамы оқиға орнына жөнелтілді. Сауда орталығынан 170 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың 60-ы - балалар. Кейін түтінденудің себептері анықталған соң, дабыл тоқтатылды. Өрті сөндіруші қызметкерлер өз бөлімшелеріне қайтарылды», - деді Айнұр Дүйсен.