Алматыдағы хайуанаттар бағында дүниеге келген керікке Хан Тәңірі есімі берілді

АЛМАТЫ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда жаңа жыл қарсаңында дүниеге келген керікке Хан Тәңірі есімі берілді.

Бұл қалалық хайуанаттар бағы үшін маңызды оқиға - 2012 жылдың 22 желтоқсанында керіктер отбасы толықты. Әкесі - Хан, анасы - Грация. Кішкентай жануарға есім бірден берілмеді, хайуанаттар бағының әкімшілігі оған есімді кейінірек, БАҚ өкілдерінің көмегімен беруді шешті.